2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда электр энергиясы тарифтері көтерілуі мүмкін. 24 энергия өндіруші ұйым шекті тарифті түзетуге өтінім берген.Бұл туралы Энергетика министрлігінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Энергия өндіруші ұйымдардың мәліметі бойынша, түзету компанияға тәуелді емес шығындардың өсуіне байланысты баға көтерілмек. Атап айтқанда, өтінімдерді тасымалдауды ескере отырып, отынға (көмірге, газға) арналған шығындардың өсуі байқалады. Электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шығындардың жалпы көлемінде отынға жұмсалатын шығындар шамамен 60 пайызға жеткен.
«Бұдан бөлек тарифтің ұлғаюы жөндеу науқанын жүргізу және энергия өндіруші объектілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажет материалдар мен жабдықтарды сатып алу және тасымалдау құнының өсуіне байланысты. «Берілген өтінімдерге сәйкес, Қазақстан бойынша ЭӨҰ шекті тарифтерінің орташа өсуі кВтсағ үшін орташа есеппен 2 теңге», — деді министрлік өкілдері.
Ведомстводағылар қазіргі уақытта аталған өтінімдер қаралып жатқанын мәлім етті.
Тағы оқыңыз: Қоғамды жайлаған қауіпті індет – Жан Ақжанов лудомания жайлы пікірін білдірді