Елімізде еңбекке жарамсыздық парақтарын енді тек электрондық түрде толтырады

Енді қазақстандықтар еңбекке жарамсыздық парағын алу үшін емханаға бармаса да болады.  Бұл қызмет түрі алдағы уақытта электрондық түрде қолжетімді болмақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұл өзгерістер туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Биыл біз қатаң есеп берудің «көк бланкілері» деп аталатын қағаз еңбекке жарамсыздық парақтарын толығымен алып тастаймыз. Еңбекке жарамсыздық парақтарын ашу фактілері азаматтың келісімімен жұмыс берушіге беріледі. Егер бұрын жұмыс беруші қызметкердің ауырып қалғанын кейін білетін. Яғни, қызметкер жұмысқа шыққан кезде еңбекке жарамсыздық парағын әкелсе, енді біз еңбекке жарамсыздық парағы ашылған немесе ұзартылған сәтте хабарлаймыз», — деп нақтылады ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Енді жұмыс берушінің қағазға қол қою қажеттілігі жойылды. Бұл азамат үшін де ыңғайлы, оған емханаға немесе ауруханаға келудің қажеті жоқ. Сонымен қатар жұмыс беруші үшін де ыңғайлы, өйткені бұл мәліметтер электрондық түрде толық қолжетімді болады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі зейнеткерді қағып кетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x