Бүгін Қазақстандағы 45 елді мекенде маңызды саяси науқан басталды. 1500 жуық сайлау учаскілері ашылып, халық өз таңдауын жасап жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында еліміздің сайлау жүйесін жетілдіруді тапсырған болатын. Осы саяси реформа аясында ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі іске асырылған болатын. Ал бүгін, яғни 5 қараша күні республика бойынша аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Пилоттық режимде сайлау өткізу үшін 17 облыстың мәслихаты 45 елді мекенді бекіткен. Оның ішінде 3 қала мен 42 аудан бар. Таңсәріден 1497 сайлау учаскесі келушілерге есігін айқара ашты. Ел бойынша 1 млн-нан аса азамат өз таңдауын жасайды деген болжам бар. Аудан әкімі болудан 164 кандидат үмітті. Оның 42%-ы немесе 69 үміткер саяси партиялардан, 57,92% немесе 95 үміткер өзін өзі ұсынған.