«Қазгидромет» мамандары 21-23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Синоптиктер мәліметіне сүйенсек, республиканың солтүстік және шығыс бөлігінде, сондай-ақ орталығында атмосфералық фронттардың өтуімен түнде қалың қар түсуі мүмкін. Күндіз де жауын-шашын болуы ықтимал.
«23 желтоқсанда Атлантикалық циклонының әсерінен Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша көктайғақ, бұрқасын, екпіні 25 м/с-қа дейін жететін жел күтіледі. Сондай-ақ тұман болады. Дегенмен, ауа температурасында күрт өзгеріс күтілмейді», — делінген синоптиктер мәліметінде.
Тағы оқыңыз: СҚО-да ауыл тұрғынынан 977 литр заңсыз алкоголь тәркіленді