СҚО-ға жұмыс сапарымен келген еңбек және әлеуметтік қорғау министрі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Светлана Жақыпова зардап шегушілер тұрып жатқан жатақханадағы жағдайды тексеріп, тұрғындардың өтініштерін тыңдады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облысқа жұмыс сапарымен келген еңбек және әлеуметтік қорғау министрі мен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Е. Дауытов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжінің студенттеріне салынған жаңа жатақананы паналап отырған зардап шегушілермен кездесті. Бұл жер 244 адамға шақталған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер облыс орталығындағы М. Жұмабаев және Ш. Уәлиханов көшесіндегі жаңа жатақханаларды паналап отыр.  Екі жатақханада барлығы 440 адам тұрады. Мұнда тұрғындарға барлық жағдай жасалған. Олар баспана мәселесі толық шешілгенше дейін осы жерді паналайтын болады.

«Су тасқынынан зардап шеккен барлық тұрғындарға бірреттік әлеуметтік төлеп беріледі. Және мүліктерін қалпына келтіру үшін де 150 АЕК беріледі. Үйлерден су кетісімен бірден техникалық қадағалау жүргізетін боламыз. Егер сіздер өз үйлеріңізге өздеріңіз жөндеу жүргіземіз десеңіздер қаражатты сіздердің есеп шоттарыңызға жібереміз. Ал егер жоқ жөндей алмаймын десеңіздер де өз еркілеріңіз. Сол мүлікті қалпына келтіруге бөлінген ақшаға біз баспанаңызды қайта қалпына келтіріп бере аламыз», — деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Министрге үйі судан зардап шеккен 63 жастағы қала тұрғыны да өз өтінішімен жүгінді. Ол бірінші топтағы мүгедек екен. Қала тұрғынының сөзінше, үйі қайың ағашынан салынған. 21 күннен бері суда тұрғандықтан ағаш суды тартып алған. Енді ол баспананы жөндеу мүмкін емес екенін айтады.

«Арнайы техникалық қадағалау жүргізіледі.Үйлеріңіз тұруға жарамды болса да жөндеу жасалады. Комиссия мүшелері баспанаңызда сіздің ауруыңызбен тұруға болмайды десе, міндетті түрде жаңа үй береді. Уайымдамаңыздар, ешкім қараусыз қалмайды», — деді Светлана Жақыпова.

Тағы оқыңыз:Су тасқынынан зардап шеккендерді санаторийге жіберуге мүмкіндік бар – С. Жақыпова

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x