Еңбек министрілігі су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлемейді

Еңбек министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлейтіні туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство бұл мәселемен айналыспайды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлемдерін іске асыратыны туралы әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде жалған ақпарат таратылып жатқанын жазады.

«Белгісіз тұлғалар төлемдерді алу үшін «Толығырақ» батырмасын басуды немесе сілтемеге өтуді ұсынады. Хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтардың азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін ешбір жағдайда сілтемеге өтпеуге кеңес береміз», — делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға біржолғы төлем түрінде көмекті жергілікті атқарушы органдар көрсетеді. Олардың мөлшері әр өңірде келтірілген материалдық залалды есептеу үшін құрылған арнайы комиссиялардың шешімі бойынша жеке-жеке белгіленбек.

«Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз», — делінген министрлік ақпаратында.

Тағы оқыңыз: СҚО-да су тасқынынан жеті бірдей ауыл жарықсыз қалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x