ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қашықтықтан медициналық қызмет көрсету туралы бұйрықтың жобасын әзірледі. Оған сай науқастар қайталама консультацияны онлайн түрде ала алады. Қазір аталмыш құжат талқылау үшін ашық нормативтік-құқықтық актілер мен қоғамдық ұйымдардың порталына шығарылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Егер құжат мақұлданатын болса, пациенттер бейінді дәрігерден қайталама консультацияларды қашықтықтан ала алады. Ал алғашқы қабылдау офлайн болады.
Бүгінгі таңда 13 медициналық қызмет қашықтан көрсетіледі. Мысалы, психолог, реабилитолог логопед, дәрігерлердің қашықтықтан консилиумы және басқа қызметтер.
Бұйрық жобасымен аталған тізбе 67 консультацияға және 48 медициналық қызметке дейін ұлғайтылды. Оның ішінде тар мамандардың невропатолог, кардиолог, психиатр, эндокринолог, психиатр, гинеколог, ЭКГ декодтау, МРТ, маммография, рентгенография, күнделікті қан қысымын бақылау және басқалар дәрігерлермен кеңесі бар.
Қашықтықтан қызмет көрсету пациенттерге қайталама қабылдау кезінде дәрігерге бармай-ақ кеңес алуға, емдеуді уақтылы бастауға, диагнозды нақтылауға, емдеу бойынша ұсыныстар алуға, дәрілік препаратты тағайындауға мүмкіндік береді.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 10 адамнан көкжөтел анықталды