Бүгін Дүниежүзілік қан доноры күні. Бұл датаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Дүниежүзілік донорлар күні алғаш рет 2005 жылы аталып өткен. Дүниежүзілік донорлар күнін өткізу идеясы қан донорларын тану және алғыс айту, сондай-ақ қауіпсіз қан мен оның компоненттерінің өмірді сақтап қалудағы маңызы туралы хабардар ету мақсатында пайда болды. Қан донорлары қоғамда маңызды рөл атқарады. Олар қан құюды қажет ететіндердің денсаулығы мен әл-ауқатына үлес қосады. Бұл көптеген адамның өмірін сақтап қалуға көмектеседі және қиындықтар мен ауруға тап болғандарға үміт береді.

Жыл сайын Дүниежүзілік донорлар күні қан тапсырудың нақты аспектілеріне бағытталған ерекше тақырыпқа ие. Осы жылдың басты тақырыбы – «Қан және қан плазмасын тапсырыңыз, өмір сыйлаңыз және оны жиі жасаңыз». Бұл күні бүкіл әлемде қан тапсыратын адамдар атап өтіліп, алғыс айтылады. Барлық мұқтаж жанды қауіпсіз қан өнімдерімен қамтамасыз ету үшін ерікті өтеусіз тұрақты қан мен плазма донорлығының маңызы зор.Қан доноры болу – қоғамның денсаулығы мен әл-ауқатына үлес қосатын батыр болу. Жыл сайын Дүниежүзілік донор күнінде барлық қазақстандық қан орталықтары мерекелік іс-шаралар, құрмет көрсету, қан донорларына арналған концерттер ұйымдастырады. 40 донацияға жеткен донорлар төсбелгілермен, Денсаулық сақтау министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың алғыс хаттарымен марапатталады. Донациялар саны аз белсенді донорлар да қан орталықтарының грамоталарымен марапатталады.

Тағы оқыңыз: Электротехникалық зауыт колония аумағында шағын цех ашпақшы

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x