Солтүстік Қазақстанда полицейлер мен экологтар автобустарға қатысты рейд өткізді. Олар дизель отынымен жүретін қоғамдық көліктердің түтін шығару нормаларын бұзу деректерін анықтап жатыр, деп жазады Qazaqstan Media.
Рейдке шыққан мамандар қоғамдық көліктерді бағыттардың соңғы аялдамаларында тексеруде. Олар арнайы құрылғылардың көмегімен өлшеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қоршаған ортаға зиян келтіретін заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, автобус иелеріне қатысты хаттамалар толтырылады. Рейд 21 шілде басталды. Дизель отынымен жүретін көліктер басты назарға алынған.
«Республикалық «Тасымалдаушы» жедел алдын алу іс-шарасы аясында жүргізіліп жатыр. Іс-шара жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыруға, жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін күшейтуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған. Бір күн ішінде экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін автобустарды маршрутқа шығарғаны үшін екі жауапты тұлға жауапкершілікке тартылды»,- деп нақтылады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 12 мәдени нысанға жөндеу жүргізілуде