Биыл алғашқы жартыжылдықта елімізде МӘМС аясында 22 885 жалған жазба анықталған. Яғни, дәрігерлер науқас ем алды деп көрсеткен. Ал шын мәнінде адам ауруханаға не емханаға бармаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
«2023 жылдың 6 айында жалпы сомасы 212,4 млн теңгеге 22,9 мың жалған жазба анықталды. Олардың ішінде пациенттерге бір күнде бірнеше рет стоматологиялық қызмет көрсету фактілері бар. Мысалы, бір науқас бір күнде 52 тісін емдеткен. Яғни, орындаушылар көрсетілген қызметтер санын көбейтіп жаза берген», — деді орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Медициналық сақтандыру қоры төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан.
Тағы бір сорақы факті, ол 1 қызметкер 1 600 мыңнан астам массаж қызметін көрсетті деп жазыпты. Сондай-ақ ауруханада емделіп жатқан науқастарға бір мезгілде емханада диагностикалық қызмет көрсетілгені туралы фактілер анықталған.
Тағы оқыңыз: Қазанның біріне дейін мүлік салығын төлеу керек