Жедел медициналық жәрдем бригадасының дәрігерлері электр тоғы соққан азаматты ажалдан арашалап қалды, деп хабарлайды Qazaqstan Мedia тілшісі.
Оқиға 22 тамызда болған. Кешкі сағат сегізге таман облыстық жедел медициналық жәрдем орталығына ер адамның 220 ВТ разрядты токқа түскені туралы қоңырау түседі. Дәрігерлер көмекке 5 минутта жеткен.
«Тексеру кезінде 31 жастағы еркектің клиникалық өлім жағдайында екені анықталды. Қауіпсіздікті тексергеннен кейін дәрігерлер реанимациялық шараларға кірісті: олар жанама жүрек массажын, желдеткішті, дефибрилляцияны, трахея интубациясын жасады. Реанимацияның төртінші циклінде ұйқы артерияларында өздігінен тыныс алу және импульс пайда болды. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін науқас вазопрессорлық қолдауы бар интубациялық түтік арқылы өкпені жасанды желдету жағдайын қалалық көпсалалы ауруханасының реанимация бөлімшесіне жеткізілді», — деп жазды облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының директоры Юрий Белоног әлеуметтік желіде.
Реаниматолог-дәрігерлердің кәсібилігінің арқасында науқас 28 тамызда бейінді бөлімге ауыстырылды.
Тағы оқыңыз: Петропавл ЖЭО қысқа дайын емес