Жылыту маусымына дайындық барысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте талқыланды. Онда еліміздегі үш ЖЭО-да отын қорының аздығы айтылды. Соның бірі Петропавлда орналасқан орталық, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Репубикадағы барлық ЖЭО-дағы отын қоры 4 миллион тоннадан астам көмірді құрайды, бұл нормадан жоғары. Алайда көмірі аз жылу электр орталықтары бар екен.

«Бұл – «Көкшетау Жылу», Петропавл және Кентау ЖЭО-тары. Оларда көмір қоры нормадан төмен. Тек «Богатырь Көмір» биыл шамамен 500 мың тонна көмір тиеуден бас тартты»,-деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының орынбасары Нұржан Келбуғанов.

Ол сондай-ақ жылыту маусымы қызған шақта бұл олықытың орнын толтыру мүмкін еместігін, мәселені алдын-ала шешу керектігін айтты.

Тағы оқыңыз: Облыста кәсіби кадрларды дайындауға 68 білім гранты бөлінді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x