Былтыр заңсыз айналымнан 36 тоннадан астам есірткі алынды

ҚР ІІМ басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірледі. Нәтижесінде, былтыр полицейлер республика көлемінде 41 есірткі зертханасын анықтап, таратқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2023 жылы психоактивті заттардың 27 жаңа түрінің айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленді. Есірткі жасау үшін пайдаланылатын жабдықтың 19 түрі мемлекеттік бақылауға алынды. Ішкі істер органдары есірткіге қатысты 6869 қылмыстық құқық бұзушылықты, оның ішінде 2635 есірткі қылмысын анықтады. Заңсыз айналымнан алынған есірткінің көлемі 36 тоннадан асты. Полиция күшімен 41 есірткі зертханасы таратылды, 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, оның төртеуі трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ.

«2023 жылы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері 81 есірткі жарнамалау фактісін, интернет арқылы есірткі сатудың 448 фактісін анықтады. Интернет және әлеуметтік желілер арқылы есірткі сатқан 572 күдікті, сегіз чат-бот әкімшісі, 160 оператор, буып-түюші мен жасырушы, 356 есірткі курьері, есірткі сайттарының мекенжайлары бар граффити салған 16 адам ұсталды. Есірткі және психотроптық заттардың таралуы туралы ақпаратты қамтитын контенті бар 6062 сайт пен басқа ресурстар бұғатталды», — деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Қажығали Имажанов.

Тағы оқыңыз: 2024 жылы Қазақстан халқы 249 күн жұмыс істесе, 117 күн демалады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x