Былтыр СҚО-да үй жануарлары иелерінің тарапынан 700-ден астам бұзушылық тіркелді, –деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2023 жылы Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 407-2-бабы бойынша 779 факті анықталды. Көбінесе үй жануарларын бағып-қағу және серуендету талаптары бұзылған. Аталған баптың санкциясына сәйкес жеке тұлғалар үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл түріндегі жауапкершілік көзделген. Құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанып жасалған жағдайда айыппұл көлемі екі есеге артады.

Қаңғыбас жануарларға шағымдану деректері де бар. Жеке жер үйден көпқабатты үйлерге көшкен тұрғындар жануарларын тастап кетеді. Көшеде қалған иттер топтасып жүре бастайды. Көшелерде қаңғып жүрген иттерді ұстау сұрақтары бойынша петропавлдықтар қалалық әкімдіктің iKomek орталығына “109” нөмірі арқылы хабарласа алады. Ал иелері бар жануарлардың қараусыз жүгіріп жүргенін көрген жағдайда “102” арнасына қоңырау шалуға болады”, дейді Петропавл қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Айдын Ақмағамбетов.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x