Былтыр СҚО-ға оңтүстіктен 2,5 мыңнан астам адам көшіп келген

Былтыр өңірге оңтүстіктен 2556 адам көшіп келген. Солардың бірі — Нұрсәуле Сәлімбетова. Явленка ауылына қоныс аударған ол, бірден аудандық ауруханаға орналасқан. Келіншек жаңа ортаға тез сіңісіп кеткен. Жас маманмен Qazaqstan Media тілшісі тілдесті.

Нұрсәуле Сәлімбетова былтыр күзде отбасымен бірге Есіл ауданындағы Явленка ауылына көшіп келген. Келіншек бірден мамандығы бойынша педиатр дәрігер болып аудандық аураханаға орналасады. Жас маман жаңа ортаға тез сіңісіп кеткен. 

Былтыр СҚО-ға оңтүстіктен 2,5 мыңнан астам адам көшіп келген

Былтыр СҚО-ға оңтүстіктен 2,5 мыңнан астам адам көшіп келген

«Солтүстікке көшу идеясын жолдасым ұсынды. Басында бөтен жаққа қалай барамыз, бәрін тастап қалай көшеміз деп көп ойландым. Жақындарымыз алыста, бір жағдай болса көмектесетін де ешкім болмайды деген қорқыныш сезімі маза бермеді. Бірақ, мұнда келгенде бізді тұрғындар жылы қарсы алды. Жұмыс та табыла кетті. Мен аураханада, ал жолдасым спорт саласында еңбек етеді», — дейді Нұрсәуле Сәлімбетова.

Отбасы баспанамен қамтылып, 2,5 млн теңге көлемінде жәрдемақы алған. Балалары мектеп пен балабақшаға орналастырылды.

«Бұл жаққа көшіп келгенімізге еш өкінбейміз. Керісінше, қазір оңтүстіктегі жақындарымызды осында шақырып жатырмыз. Мұнда халық саны аз. Оның үстіне мемлекеттік тіл мәртебесін көтеріп, осы жақты қазақыландыру керек», — дейді Нұрсәуле Сәлімбетова.

Бүгіндері аудандық ауруханада Нұрсәуледен бөлек, оңтүстіктен көшіп келген тағы 3 маман еңбек етеді.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданына 5 жыл ішінде 180 отбасы көшіп келген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x