«Ботай – Ұлы дала мәдениеті» көрмесі Қытайға аттанады

Бүгін орталық алаңға жиналған тұрғындардың назарына «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» көрмесі  ұсынылды.  Көрмеге «Ботай қонысы» археологиялық ескерткіші мен өңірдің киелі жерлері бейнеленген 30-дан астам картина қойылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Көрменің мақсаты  –  еліміздің ең маңызды жетістіктерінің бірі «Ботай қонысы» археологиялық ескерткіші мен қазақстандық және шетелдік суретшілердің шығармашылығын насихаттау. Көрмеге облыс аумағында өткен 2 симпозиум нәтижесінде жиналған картиналар қойылған. Енді мерекеден соң дәл осы «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» көрмесі Қытай мемлекетіне жіберілетін болады. 

«Ботай – Ұлы дала мәдениеті» көрмесі Қытайға аттанады

«Ботай – Ұлы дала мәдениеті» көрмесі Қытайға аттанады

«Аймағымыздың басты ескерткіштерінің бірі – Ботай қонысын кенеп бетіне түсіру үшін Солтүстік Қазақстан облысына әлемнің бірқатар елінен 20 қылқалам шебері келген болатын. Олар «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» атты суретшілердің халықаралық симпозиумына қатысты. Бүгінгі көрмеге осы суретшілердің еңбектері қойылған. Көрмеден облыстың киелі жерлері бейнеленген картиналарды да  көруге болады», — деді облыстық бейнелеу өнері мұражайының қызметкері Вера Гончарова.

«Ботай – Ұлы дала мәдениеті» көрмесі Қытайға аттанады

Орталық алаңға жиналғандар бүгін өздерін түрлі қырларынан сынап көре алды. Бұл күні  қазақ тілін үйренгісі келгендер арнайы қазақ топтарына жазылуға да мүмкіндік алды. Тұрғындардың бірі садақ атуды үйренсе, енді бірі ұлттық аспаптарда ойнап көрді.

Осылайша   жаңару мен жасампаздықтың  бастауы, ырыc пен берекенің арқауы болатын әз Наурызды  солтүстікқазақстандықтар бар сән-салтанатымен қарсы алды.

Тағы оқыңыз: СҚО әкімі Ғауез Нұрмұханбетов өңір халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x