Бокстан әйелдер арасындағы жазғы спартакиада өз мәресіне жетті

Петропавлда ұйымдастырылған бокстан әйелдер арасындағы ҚР-ның VI жазғы спартакиадасы өз мәресіне жетті. 100-ге тарта спортшының басын қосқан додада Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын бұрымды боксшылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгін бокстан әйелдер арасындағы жазғы спартакиаданың финалдық ойындары өтті. Ақтық сынға 24 бұрымды қатысты. Олардың қатарында солтүстікқазақстандық Наталья Богданова да бар. 66 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз Қостанай облысынан келген Надежда Рябецпен жұдырықтасты. 3 раунд бойы шапшаң қимылдап, қарсыласына соққыларын дарыта білген Наталья, төрешілердің шешімімен алтыннан алқа тағынды.

Бокстан әйелдер арасындағы жазғы спартакиада өз мәресіне жетті

«Мен 17 жасқа дейін кикбоксингпен айналыстым. Ал боксқа барып жүргеніме 4 жыл болды. Осыған дейін бірқатар халықаралық жарыстарға қатысып жақсы нәтижелерге қол жеткіздім. Осы спартакиадаға да көп дайындалдық. Әйтеуір, еңбегіміз зая кетпей бірінші орыннан көріндім. Шыны керек қарсыластар осал болмады. Арасында жерлесіміз, қазір Алматы қаласының атынан шығып жүрген Риодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дариға Шәкімова да бар. Сондықтан жеңіске жету оңай болды деп айта алмаймын. Алда тағы маңызды дода күтіп тұр. Енді бір-екі күнде чемпионатқа дайындықты бастаймыз», — деді бокстан спорт шебері Наталья Богданова.

Спартакиадаға 100-ге жуық спортшы қатысты. Азия чемпионатына жолдама сарапқа салынғандықтан мұнда кіл мықтылар жиналған.

Бокстан әйелдер арасындағы жазғы спартакиада өз мәресіне жетті Бокстан әйелдер арасындағы жазғы спартакиада өз мәресіне жетті Бокстан әйелдер арасындағы жазғы спартакиада өз мәресіне жетті Бокстан әйелдер арасындағы жазғы спартакиада өз мәресіне жетті

«Спартакиадаға Ұлытау мен БҚО-ның боксшылары ғана қатысқан жоқ. Өзге өңірлер мен 3 республикалық маңызға ие қалалардан спортшылар келді. 12 салмақ дәрежесі бойынша (48, 50, 52, 54, 57, 60, 63, 66, 70, 75, 81 келі және 81 келіден жоғары) медальдар сарапқа салынды. Қыздар жарысқа жақсы дайындықпен келген. Ол бірден көзге көрінді», — дейді жарыстың бас төрешісі Ержан Оспанбаев.

6 күнге созылған спартакиаданың қортындысында медальдар саны бойынша 1-ші орынды Астана қаласының спортшылары иеленді. 2-ші орынға алматылық бұрымдылар тұрақтады. Ал 3-ші орынды Шымкенттің боксшы қыздары місе тұтты.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 14 жасар қыз суға батып кетті

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x