Биыл облыстық аурухана 29 дәрігермен толықты

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов көпсалалы облыстық аурухана және балалар ауруханасының жұмысын тексеріп, дәрігерлермен кездесті. Биыл облыстық аурухана 29 дәрігермен толықты, ал балалар ауруханасы 11 маманды жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қазір облыста медициналық техникамен жабдықталуы — 65%, ал инфрақұрылымның тозуы — 77% құрап отыр. Бұл көрсеткіштерді жақсарту үшін биыл қондырғыларды алуға 5,2 млрд теңге, ал 27 нысанды күрделі жөндеуге 1,9 млрд теңге бөлінді.

«Жалпы облыс бойынша биыл медицина кадрларының тапшылығы 183-тен 134-ке дейін азайды. Оң динамика дәрігерлерге жағдай жасау мен көтерме ақыны 5 миллион теңгеге дейін өсірудің арқасында байқалуда. Біз облысымызға тар бейінді мамандарды тарту жұмысын жалғастырамыз», — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тағы оқыңыз: 2005 жылғы жасөспрімінің өліміне қатысты тергеу басталды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x