30 тамыз Конституция күні мерекесіне орай жаңа оқу жылын бастау күні ауысып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп жазады Qazaqstan Media.

Министрдің айтуынша, күнтізбеде 1-ші қыркүйек қызылмен белгіленген. Себебі биыл 30-шы тамыз — Конституция күні, сенбіге түсіп отыр. Осыған орай, демалыс күндеріне өзгеріс енгізілді.  Конституция күніне байланысты қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында қатарынан үш күн демалады: 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек. Алты күндік жұмыс аптасында — екі күн демалыс 30 және 31 тамыз.

«Жыл сайын оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады. Бірақ, биыл оқу процесі 2 қыркүйекте басталады. Білім күніне орай салтанатты жиынды өткізу күні мен уақыты мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен айқындалады»,- дейді Ғани Бейсембаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министр педагогикалық кеңес шешімімен символикалық маңызы болғандықтан, 1-сынып оқушылары үшін сабақты 1 қыркүйекте бастауға рұқсат етілгенін жеткізді. Оны мектеп ана-аналармен келісе отырып шешеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда медицина қызметкерлеріне қол көтергендер 15 жылға сотталуы мүмкін

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *