2023 жылы солтүстікқазақстандық жүргізушілер VIP нөмірлерді сатып алу үшін 107 млн теңге төлеген. Былтыр Петропавл қаласының мамандандырылған ХҚКО 306 жуық жоғарғы сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерін берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қазақстанда VIP-нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген. Сатудан түскен қаржы ел бюджетіне түседі. 2023 жылы 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлері сұранысқа ие болыпты. Әр нөмірдің бағасы 57 АЕК-ті құрайды. Ол 2024 жылы 210 444 теңге болып отыр.
VIP-нөмірлер қатарындағы әріптері бірдей ең қымбат сандар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандары екенін атап өтеміз. Мұндай әрбір нөмір көлік иесі үшін 1 052 220 теңге тұрады. Жалпы, 2023 жылы облыс бойынша 87 мыңнан астам көлік тіркеліп, 126 мың жүргізуші куәлігі берілді.
Тағы оқыңыз: Петропавлда ювеналды полиция балаларды құқықтық нормативтік актілермен таныстырды