Қазақстанда 2029 жылға дейін 1 млн отбасы баспаналы болады. Ол туралы Астанада ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан мемлекеттік кеңесте Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
«Қазақстанда 2029 жылға дейін 111 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Биыл 15,3 млн шаршы метр тұрғын үйді салу жоспарланған», — деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысының баяндамасына сүйенсек, жалпы 2029 жылға қарай 1 млн отбасы баспаналы болады. Соның 143 мыңы биыл қоныс тойын тойламақ.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда 61 адам коронавирус жұқтырды