Біртұтас білім беру бағдарламасы әзірленді

Оқу ордаларында тәрбиелік жұмыс біртұтас білім беру бағдарламасы негізінде іске асырылатын болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Білім беру ұйымдарындағы тәрбиелік жұмыс біртұтас білім беру бағдарламасы негізінде жүзеге асырылатын болады.

«Бағдарламаның мақсаты – жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде саналы азамат тәрбиелеу. Ұлттық мүдде, ар-ождан, ризашылық, қайырымдылық, ынта-жігер сынды құндылықтар білім беру ұйымдарының барлық тәрбиелік жұмысының мазмұнында көрініс табады. Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің тұрақты басымдықтары оқушылардың саулығын сақтау, оларға жеке тұлға ретінде құрмет пен сенім көрсету, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады», — деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

Атап өтейік, білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеу оқу пәндерінің мазмұны, сынып сағаттары мен іс-шаралар, сыныптан тыс жұмыстар мен қосымша білім беру (үйірмелер, секциялар, факультативтер) арқылы жүзеге асырылатын болады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 9 педофил бостандықта жүр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *