Бірнеше рет жол ережесін бұзған петропавлдық 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Бірнеше рет жол ережесін бұзған петропавлдық 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Мұнымен қоса, ол 345 теңге көлемінде айыппұл төлейді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жылдамдықты асырып, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен Toyota  автокөлігі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қалалық ПБ жедел басқару орталығының инспекторлары бұл жайтты бірден патрульдік нарядтарға хабарлаған. Көп ұзамай полицейлер бұзақыны Интернационал және Егемен Қазақстан көшелерінің қиылысында ұстады. Темір тұлпар тізгіндеген 25 жасар петропавлдық мінез көрсетіп, медициналық тексеруден өтуге қарсы болған. СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-бөлігінің талаптарына сәйкес, куәландырудан бас тартқаны үшін жігіт 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Мұнымен қоса, ол алдағы 8 жылда көлік тізгініне отыра алмайды.

«Тексеру барысында жас жігіттің ұсталғанға дейін жол қозғалысы ережесін бірнеше рет өрескел бұзғаны анықталды. Петропавлдық тізгіндеген көлік сағатына 140 км-ге дейін жылдамдықты 5 рет асырған. Оны автоматты түрде бейнебақылау жүйесі тіркеді. Осындай заңбұзушылықтар жасаған қала тұрғынына 345 мың теңге көлемінде айыппұл салынды», – деді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Тағы оқыңыз: Өрттің алдын алу шаралары күшейтіледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x