Бір тәулікте Есіл ауданының үш ауылын су басты

Өткен тәулікте Есіл ауданының Покровка, Петровка және Николаевка ауылдарын тасыған Есіл өзенінің суы басты. Мұндағы 56 үйге су кіріп, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Сергеев су қоймасындағы су деңгейі төмендеп келеді. Бірақ қауіп сейілген жоқ. Әсіресе Есіл, Қызылжар аудандарының кейбір ауылдары мен Петропавл қаласынының шеткі аудандарын су басу қаупі жоғарылай түсті.

«Жуық арада облыс орталығы маңынан өтетін Есіл өзені арнасынан асады. Қазір Заречный кентінің тұрғындарын эвакуациялау жүргізіліп жатыр. 259 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның ішінде алтауы бала. Бұл жұмыстарға құтқарушылар, полицейлер және жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмылдырылған», — деп хабарлады  СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Бір тәулікте Есіл ауданының үш ауылын су басты

Сонымен қатар Түркістан, Қарағанды, Павлолар, Алматы мен Ұлытау облыстарынан келген құтқарушылар да тасқын судың алдын алу жұмыстарына жұмылдырылған.

Қазіргі кезде облыста 76 үй мен 174 аула суда қалып отыр. Барлығы 634 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 1700 мал эваукацияланыпты. Өңірде қарғын судан да қауіп сейілген жоқ.

«Шал ақын ауданы Янко ауылында 6 баспанаға қарғын су кірді. Тұрғындар өздері туыстарының үйлеріне көшті. Қазір төтенше жағдай департаменті мамандары су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр», — деп нақтылады ТЖД мамандары.  

Тағы оқыңыз: Қызылжар ауданында тұрғындар алдан ала эвакуацияланды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x