Облыс жолдарында жиі орын алатын заңбұзушылықтардың бірі – қауіпсіздік белдігін тақпау. Өткен аптада сондай 360 дерек тіркелді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өткен аптада өңірде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2614 фактісі тіркелді. СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 360 жағдайда азаматтар қауіпсіздік белдігін тақпаған. Мұның адам өміріне қауіп келтіретінін ұмытып кеткен көрінеді. Сонымен қатар, 218 жүргізуші көлік тізгінінде отырып, ұялы телефонмен сөйлескен.

«Аталған фактілер сәуірдің 10-ы мен 16-сы аралығында өткізілген «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде анықталды. Бұл уақытта анықталған өрескел бұзушылықтардың 259-ы – жылдамдықты асыру, 58-і – маневр жасау қағидаларын бұзу, 29-ы – бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту және 5-уі – жолдың қарсы қозғалыс бөлігіне шығу. Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері көлік құралын мас күйде басқарудың 27 дерегін анықтады. Бұл үшін жүргізуші куәлігінен 7 жылға айыру жазасы қарастырылған», — деді СҚО ПД ЖПҚБ бастығы Айдын Байматов.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, биылғы жылдың 3 айында 35 жол апаты тіркелді. Оның  тоғызында жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Жолдың рұқсат етілмеген жерінен өту немесе бағдаршамының тыйым салынған түсіне өту 4 жол апатына себеп болған. Қалған жағдайларда жүргізушілер қозғалыс кезінде жаяу жүргіншілерге жол бермеген.

«Өткен аптада жол жүрісі қағидаларын бұзған 282 жаяу жүргінші және жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін бұзған 46 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Жаяу жүргіншілер жолағына жақындай бергенде жылдамдықты азайтуы қажет», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x