[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/6917cd48db47c83fa013333d099b85bedf6c69d0-2.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Биотоғаннан бөлінетін күкірсутектің мөлшері азайып, хлорелла жасушаларының саны бірнеше жүз мың есеге өсті. Нәтижесінде, су мөлдірленіп, жағымсыз иіс шығаруын тоқтатты. Демек, тұрғындарды мазалаған мәселе әйтеуір шешімін тапты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Еске салсақ, осыдан шамамен 1,5-2 жыл бұрын күн жылына бергенде, қалада қолқаны қабатын иіс шығатын. Бұл уақытта, әсіресе аллергиясы бар жандар қатты қиналатын. Жағдайдың себебі де бірден анықтала қойған жоқ. Тексеріс жұмыстарынан кейін мұның биотоғанға тікелей қатысы бар екені белгілі болды.  Содан кейін мамандар су астына хлорелла, яғни микробалдырларды жібере бастады.

«2021 жылдың тамыз айында «Судың ғылыми-технологиялық орталығы» «Қызылжар су» серіктестігінің балансындағы биотоғанды тазалау жұмыстарына кірісті. Жобаның жалпы құны 124 млн 606 мың теңгені құрады. Алғашқы жылы 25 млн  878 мың теңгенің шаруасы толықтай тындырылды. Одан кейін 49 млн 95 мың теңге жұмсалды. Ал биылғы жылға 49 млн 632 мың теңге қарастырылған», — дейді облыстық экология департаментінің бөлім басшысы Асхат Мапенов.

Енді өткен жылы қандай іс атқарылғанын қысқаша айта кетейік. Балдырдың Chlorella vulgaris SKO A RKM түрінің 19 500 литрі мұз астына жіберілді. Көктемде тағы 24 500 литр енгізілді. Нәтижесінде, судағы хлорелла жасушаларының саны күткендегідей көрсеткішке жеткен. Судан сынама алынып, жағымсыз иістен арылғаны әрі бір метрге мөлдірленгені белгілі болды.

«Судың химиялық және биологиялық құрамы тұрақты түрде тексеріліп отырады. Жаңа балдырларды өсіріп, биотоғанға жіберу жұмыстары жалғасуда. Жасалып жатқан шаралар оң нәтижесін берді. Мысалы, 2021 жылы Петропавл қаласы бойынша күкірсутегінің әсерінен атмосфералық ауаның ластануының 4 дерегі тіркелді. Ал былтыр бір ғана жағдай орын алды», — дейді Асхат Мапенов.

 

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x