«Береке» ықшам ауданындағы үйлердің құрылысы қыркүйек айында аяқталуы мүмкін

Құрылысы 2 жылға созылған «Береке» ықшам ауданындағы үйлер қыркүйек айында пайдалануға берілуі мүмкін. Бірінші кезекте пәтер кілттері халықтың әлеуметтік осал тобына тапсырылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Береке» ықшам ауданындағы үйлердің құрылысына «Мөлдір» компаниясы жауапты. 2020 жылы құрылыс жұмыстарына қаржы бөлініп, кейіннен құрылыс басталды. Жоспар бойынша пәтер кілттері өткен жылдың көктемінде табысталуы керек еді. Алайда, құрылысшылар асықпай, жұмысты сағызша созып жіберген.

«Мөлдір» ЖШС қаладағы 6 үйді салып жатқан болатын. Барлығы да кестеден кешіктірілуде. Сол үшін компаниямен жасалған келісім шарт бұзылды. Негізінен, арадағы келісім 5 рет ұзартылды. Тұрғын үй құрылысын тезірек аяқтау үшін аванс та, қосымша қаражат та бөлінді.  Алайда, бұдан түк пайда болмады. Жұмыстың ілгерілейтін түрі жоқ, еш өзгеріссіз. Қазір конкурстық жұмыстар жүргізіп, жаңа мердігер компанияны іздеудеп жатырмыз», — деді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.

Құрылыс жұмыстары аяқталғасын бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарына пәтер кілттері табысталмақ. Жоспар бойынша 120 жетім бала мен тура осынша көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлауы мүмкін.

Тағы оқыңыз: СҚО-да азық-түлік 15%-ға қымбаттады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x