[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/boda18621.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Мамлют ауданындағы Белое елді мекенінде ауыз су тапшылығы мәселесі өткір тұр. Тіршілік нәрінің жоқтығынан тұрғындар қарды ерітіп ішуге мәжбүр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Тұрғындардың сөзінше, ауылда бір ғана құдық бар. Оның суы да тұтынуға келмейді. Азаматтардың кейбірі баспаналарына су тартқызу үшін көп қаржы жұмсағанымен түк нәтиже шықпаған. Проблеманы біржақты ету үшін 2020-2022 жылдарға арналған жоба әзірленіпті. Бірақ әлі күнге дейін аяқталмаған.
«Мердігер компания жұмысын аяқтап үлгермеді. Сондықтан бізге уақытын созуға тура келді. Берілген қаражат 375 млн теңге болатын. 80 пайызы игерілді. Наурыз айында жұмыс бітеді. Халыққа су беріледі», – деді елді мекен әкімі Әділхан Разиев.
Қазір мердігер компания су құбырларының ішін жуып, тазалау жұмысын жүргізуде. Учаске басшысы 10 күннің ішінде тұрғындарды сумен қамтамасыз етеміз деп сендірді.
«2022 жылы желтоқсан айына дейін жұмыс жасап кеткенбіз. Тек суды қосып, дезинфекция жасап, тексергеннен кейін тұрғындарға су қосу керек болған. Қазір дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Алдағы күндері тұрғындарды сумен қамтамасыз етеміз», – деді Бүркітбай Бекбенбетов.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]