Судан сұрауын тапқан адамды балықшы десек қателеспейміз. Ау құрып, қармақ салып ашаршылықтан аттап өткен қазақтың бір нәсібі осы кәсіппен байланыс­ты. Осы ретте Qazaqstan Media тілшісі балықшымен тілдесіп, қазіргі таңда хоббиге айналған кәсіптің қыр-сыры жайлы білді.

Серік Әбдин 30 жылдан астам уақыт балық аулаумен айналысады. Ол үшін балық аулау — хобби. Ол өзен-көлдерге қайықпен барғанды ұнатады. Бірақ, қауіпсіздік ережесін сақтамасаң өміріне де қауіп төнуі мүмкін.

«Қайықта жүргендердің бәрінде міндетті түрде құтқару кеудешелері болуы тиіс. Балық аулауға барар кезде ауа райының жағдайын алдын ала білу қажет. Жақындарыңызға қайда баратыныңызды және шамамен қайту уақытын үнемі хабарлаңыз. Қараңғы түскенге дейін осылай істеуге тырысыңыз. Мас күйде ешқашан балыққа бармаңыздар», — деді Серік Әбдин.

Серік Әбдин балық аулауды бастағанда қазіргідей қармақтар болмаған. Қайыңды жұқа қылып кесіп алып, оны кептірген. Кейін жіп байлаған. Азамат осы күнге дейін өзен-көлдерге мүлдем тор құрып көрмегем, — дейді.

«Егер тор құрсан, ол — балық аулау емес. Өзіңмен бірге шай, тіске басар тамақтар алып алып, табиғат аясында отырғанға не жетсін! Мен демалысымды осылай өткізгенді жөн көремін. Балық аулау — қымбат хобби. Кейде қысты күні мұз үстінде қонамыз. Оған шатыр мен пеш қажет. Олар да қыруар қаржы тұрады. Бірақ, құртқан ақшан алатын ләззаттың жаныңда түк емес», — деді балықшы.

Балықшының сөзінше, жаздыгүні көл басында алған тыныштыққа ештене жетпейді. Тіпті, жәндіктердің даусының өзі құлаққа жағымды екен.

Балық аулау қымбат хобби ма?
Балық аулау қымбат хобби ма?

«Жаңбырлы ауа райында балық қармаққа көп ілінеді. Күн шыққан уақытта олар судың түбінен шыққысы келмейді. 30 жыл балық аулап жүрмін. Осы уақыт ішінде балықтың түр-түрі қармағыма ілінді. Тіпті, 5 келілік шортан да аулағанмын»,- деп отыр жерлесіміз.

Тағы оқыңыз: Петропавл тұрғыны алаяқтарға сеніп, пәтерін сатқан

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *