Астанадағы ауылшаруашылық жәрмеңкесіне солтүстік тауар өндірушілері 700 тонна тауар апарды

Астана қаласында Солтүстік Қазақстан облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Өңірімізден бас қалаға 700 тонна тауар жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Елордадағы дәстүрлі  жәрмеңкеге облыстың үздік деген ауылшаруашылық тауар өндірушілері барды. 110 кәсіпорын өзінің жүзден аса өнім түрін саудаға шығарды.

Шал ақын ауданынан келген Вера Костылева бал өнімін ұсынып отыр. Айтуынша, таңғы сегізден сауда басталып кетіпті.

«Біздің омарта Шал ақын ауданында орналасқан. Жеке кәсіпкерлігіміз бар. Жәрмеңкеге бал өнімін алып келдік. Таңғы сегізден халық келіп жатыр. Біз екі күн бойы сауда жасайтын боламыз»- деді Вера Костылева.

Ал, Тайынша ауданындағы «ЕМС Агро» ЖШС болса, өз тауарларының  40 түрін ала барған. Олар тіпті, жәрмеңкеге өз сыйларымен келіпті.

«Жәрмеңкеге келген халықтың қарасы көп. Сауда жүріп жатыр. Біздің өнімнен дәм татқан адамға 100 гр шұжықтан сыйлап жатырмыз. Сауда жасап жатқандардың көңіл-күйі жақсы. Нағыз мереке болып отыр»- дейді серіктестік қызметкері Константин Шестаков.

Астана тұрғындары мен қонақтары үшін жәрмеңкеде тауарлар нарықтағыдан  15-20 пайызға арзанға сатылды. Сондықтан болар, сауда жәрмеңке ашылғаннан-ақ қыза түсті.

«Мен май алу үшін кезекте тұрмын. Солтүстіктің майы өте дәмді. Жиі алып тұрамын. Жәрмеңкеде бәрі арзан.Сондықтан кезек те үлкен», «Еттің жақсысын сатып алуға болады. Бал, ірімшік алуға болады. Петропавлдың еті жақсы», « Жәрмеңкеде табиғи өнім алуға болады. Бүгін де сауда жасадым. Солтүстіктің тауар өндірушілерінен ұн мен картоп алдым. Бағасы арзан болды» -дейді жәрмеңкеге келген астаналықтар.

Жалпы Астанаға облыстың тауар өндірушілері барлығы 700 тонна тауар апарды. Жәмеңке екі күн болады. Бірінші күннің алғашқы жартысында –ақ біраз өнім сатылып кетті.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстан облысында бір отар қойды  жүк пойызы басып кетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x