6 шілде – Астана күні Солтүстік Қазақстан облысында 7 нәресте дүниеге келді. Оның бесеуі қыз болса, қалған екеуі – ер бала, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Өткен демалыс күндері солтүстікқазақстандықтардың қатары 42 адамға толықты. Облыстық перинаталдық орталықта 4 күнде 22 қыз бен 20 ұл бала өмірге келді. 7 бөбек елорда күнінде дүние есігін ашты. Соның ішінде 5 қыз, 2 ер бала. Ақхалаттылардың мәліметінше, сәбилер мен аналарының жағдайлары жақсы. Басым бөлігі, 7-8 шілде күндері үйлеріне жіберілген. Демалыс күндері өмірге келген шақалақтардың ішінде салмағы ең үлкені — 4,9 келі. Ұл бала кесарь тілігі арқылы туған. Жалпы, бұл күндері тағы 5 сәби осындай жолмен өмірге келді.
Тағы оқыңыз: Қала күні тойланды