Биыл «Ардос-Жүрек» ұйымының құрылғанына 10 жыл. Аталмыш ұйым СҚО-ның бірқатар мүммкіндігі шектеулі тұрғынының арманына қанат бітіріп, олардың оңалуларына өз септігін тигізді. 10 жылдыққа орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада салтанатты іс- шара өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
«Ардос-Жүрек» қоғамдық бірлестігі 10 жылдың ішінде 30-дан астам жобаны іске асырды. 100-ден аса түрлі іс-шаралар өткізіп, тағдыр тәлкегіне түскен мыңдаған жандардың өмірін өзгертті. Бүгінгі күні бұл ұйым тек өңірімізге ғана емес, барлық Қазақстанға танымал.
«Егер ерекше жандардың өмірі жақсы жаққа өзгерсе, біз қатты қуанамыз. Бұл басты нәтижелеріміздің бірі болып саналады. Бүгінде оқыту курстарын әртүрлі мамандықтар бойынша көптеп өткізіп отырамыз. Курсты аяқтаған жандардың барлығы дерлік жұмысқа орналасады. Ең бастысы қазір өз ісін сүйіп істейтін кәсіби команда жинақталған», — дейді «Ардос-Жүрек» мүгедектер ұйымының директоры Ақжан Кәрім.
Қоғамдық бірлестік алдағы уақытта да мүмкіндігі жектеулі жандарға қол ұшын созып, көмек көрсетуін жалғастыра бермек.