Солтүстік Қазақстан облысында тұратын ҰОС ардагерлеріне медициналық қызмет үйлерінде көрсетіледі. Енді олар ешқайда бармай қан қысымын өлшеу шараларынан бастап, түрлі тар бейінді дәрігерлердің тексерісінен өте алады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.


Жеңіс күні қарсаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандарды жеңіс жауынгерлерін құттықтады. Басқарма басшысының орынбасары Нұржан Тағаниязов Петропавлда тұратын ардагерлер Валентина Волкодав, Федор Щеглов, Дмитрий Сергеев, Василий Мативенконың үйлеріне арнайы барды.

«Қазір өңірімізде төрт ардагер тұрады. Олардың денсаулықтарын күнделікті бақылап отырамыз. Тұратын мекенжайы бойынша фельдшерлер хабарласып,жағдайларын біліп отырады. Барлық медициналық қызметті үйлерінде көрсетуге тырысамыз. Қажет болып жатса облыстық аурухананың дәрігерлері келіп тексереді», — деді Нұржан Тағаниязов.


Медицина саласының қызметкерлері жерлес майдангерлерге бейбіт өмір сыйлағандары үшін алғыс айтты. Өз кезегінде дәрігерлер тарапынан батырларымызға бар медициналық көмек көрсетілетіндігін жеткізді.

Тағы оқыңыз: Жеңіс күні қарсаңында Даңк ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x