«Арабеск» үлгілі би ансамблі Алматы қаласында өткен екі халықаралық байқаудан жүлделі оралды. Солтүстікқазақстандық бишілер жақсы нәтиже көрсетіп, шетелден келген қарсыластарын таңдай қақтырды. Би ансамблі бұл байқауда екі бірінші орын және 4 гран-при иеленді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Я в танцах» байқауы халықаралық «Про танцы» жобасының бірі. Онда 80-нен астам би қойылымы қойылды. Олар Қазақстан, Ресей, Қырғызстан мемлекетінің өкілдері. «Арабеск» ұжымы бұл байқауда екі бірінші орын және 4 гран-при иеленді.

арабеск

«Сайыс өте жақсы деңгейде өтті. Қазылар алқасы әділ бағалады. Біз ең алғаш рет 3-ші орын алған кезде қатты қуандық. Ал, одан кейін 2-ші, 1-ші тіпті, гран-при жеңіп алдық. Бұл өте керемет сезім. Ең бастысы, сайыс балаларға ұнады. Менің ойымша, бұл көрсеткішке ата-аналардың арқасында жетіп отырмыз. Себебі, олар керемет қолдау көрсетті», — дейді «Арабеск» үлгілі би ансамблінің көркемдік жетекшісі Татьяна Кравченко.

Ұжым байқауда барлығы 12 нөмір көрсетті. Олардың әрқайсысында би ансамблінің 5 жастан 8 жасқа дейінгі бишілері өнер көрсетті. Айта кеткен жөн, 2023-ші жыл «Арабеск» үшін сәтті болған. Олардың қоржынында 9 гран-при және 3 бірінші орын бар. Жерлестеріміздің демалуға да уақыты жоқ. Алда тағы сайыс. Қазір олар Астанада өтетін халықаралық байқауға дайындалып жатыр.

Тағы оқыңыз: “Қарасай” стадионында адам сүйектері табылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *