AMANAT партиясы фракцияларының бірлескен отырысында 2023-2024 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламаның орындалу қорытындылары шығарылды. Жол картасында жоспарланған 111 іс-шараның 101-і орындалды. Қалған 10 тармақ бірқатар себептерге, соның ішінде мерзімнен кешігу, қаржыландырудың болмауы және мемлекеттік бағдарламалардағы өзгерістерге байланысты орындалмаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Отырыста іске асырылмаған тармақтарға ерекше назар аударылды. Мысалы, былтыр жоспарланған 6 сүт-тауарлы ферманың біреуі инвестордың қаржылық қиындықтарына байланысты іске қосылмады. Ол Ақжар ауданында салынуы тиіс еді. Сонымен қатар, өңірде 17 ферма ашылды. 2025 жылға 17 миллиард теңге қаржыландырумен тағы 12 сүт-тауарлы ферма салу көзделген. Басқа салаларда да жүзеге аспаған тармақтар бар.

«Жоспарланған 10 спорттық нысанның ішінен Уәлиханов ауданында хоккей корты салынбады. Оған мердігердің салғырттығы себеп. Ол бойынша сот процесстері жүргізілуде. Шал ақын ауданындағы 6 ауылды сумен қамтамасыз ету жобасы су тасқыны және қаржыландырудың кеш түсуіне байланысты жүзеге аспады. Биылдың өзінде сумен қамтамасыз ету саласындағы 60 жобаны іске асыруға 25 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Уәлиханов ауданында 24 км жолды жөндеу жоспары орындалмады. Алайда 2025 жылға өңірдегі 800 км автожолды қалпына келтіруге 34,6 млрд теңге қарастырылған», — деді СҚО экономика басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Айтжанова.

AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасы: СҚО-да 10 жоба аяқсыз қалды AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасы: СҚО-да 10 жоба аяқсыз қалды

Сондай-ақ, сайлауалды бағдарламаның орындалу барысы талқыланған отырыста жастар мен бизнеске арналған гранттар және тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарларының орындалмау себептері айтылды. Мәселен, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2024 жылы жоспарланған 240 маманның тек 136-сын қамтыды, ал «Ауыл аманаты» жобасы мүлдем қаржыландырусыз қалды. Бұдан бөлек, депутаттар қоғамдық көлік қозғалысының схемаларындағы өзгерістерді және МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын қарастырды.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстан облысының халқы қартайып барады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *