[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/амангали-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Мысыр елінде грек-рим күресінен “Ибраһим Мұстафа” атындағы халықаралық турнир өтті. Дүбірлі додада солтүстікқазақстандық балуан Аманғали Бекболатов сәтті өнер көрсетіп, топ жарды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Жарыста солтүстікқазақстандық спортшы үш кездесу өткізді. Бірінші айналымда балуан қырғызстандық спортшыны 8:0 есебімен ұтса, жартылай финалда румыниялықты 9:0-мен қапы қалдырды. Ақтық сында жерлесіміз қазақстандық Марлан Мұқашевпен белдесіп, оны айқын басымдықпен ұтты. Жерлесіміз Аманғали Бекболатов 55 келі салмақта өнер көрсетіп, алтыннан алқа тағынды. Жалпы, ел намысын қорғаған спортшылар екі алтын, екі күміс және үш қола медальға қол жеткізді
“Халықаралық турнирдің боз кілемінде 55 келі салмақта Қазақстаннан үш балуан болдық. Қарсыластарымның қатарында Үндістан, Грузия, Мысыр, Қырғызстан және Румыния елдерінен келген спортшылар болды. Қуанышымызға орай, барлық медальдар бізге бұйырды”, – дейді Аманғали Бекболатов.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]