Солтүстікқазақстандық велоспортшы Алексей Луценко Джиро д ‘ Абруццо итальялық көпкүндік жарысының корольдік кезеңін жеңіп алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Astana Qazaqstan Team баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарыс Пратола-Пелиньяда басталып, Прати-Ди-Тивода 163 шақырымнан кейін аяқталды. Солтүстікқазақстандық Алексей Луценко финалдық айналымда қарсылас команданың екі шабандозынан озып шықты. Ол мәре сызығын бірінші болып екі секундтық артықшылықпен кесіп өтті.
«Соңғы көтерілу өте қиын болды, Адам (Йейтс) мені бірнеше рет шеттетуге тырысты, бірақ мен әрқашан жауап беріп, шабуыл жасай алдым. Соңғы екі шақырымда Диего (Улисси) бізге қосылған кезде, жеңіске жету үшін 100% күшімді салдым. Осы жеңісім үшін өте қуаныштымын. Бұл өте маңызды жеңіс», — деді Алексей Луценко.
Осы жарыстың соңғы кезеңінен кейін Алексей 14 секундтық басымдықпен жалпы жіктеуде көш бастап тұр.
Тағы оқыңыз: Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды