Айыртау ауданындағы «TEZIS» серіктестігі тәулігіне 1 тонна ірімшік өндіруге қауқарлы. Бүгінде кәсіпорында моцарелла, сулугуни, сүрленген және ерітілген сыр өнімінің 25 түрі дайындалады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
«TEZIS» серіктестігі — Айыртау ауданының мақтанышы. Серіктестік тәулігіне 1 тонна ірімшік өндіреді. Кәсіпорында халықтың жоғары сұранысына ие моцарелла, сулугуни, сүрленген және ерітілген өнімнің 25 түрі дайындалады. Серіктестік директоры Артем Теннің айтуынша, тауардың құны нарықтағыдан төмен. Мысалы, сулугунидің келісін 3,5 мың теңгеге сатып алуға болады.
“Кәсіпорындағы қондырғылар Болгария мен Италиядан алынған. Барлығы жаңа, технология заманауи. Серіктестік тәулігіне жалпы 6 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Сонымен қатар, жеке зертханамыз бар”, — дейді “TEZIS”ЖШС директоры Артём Тен.
Қызметкерлердің орташа жалақысы 140 мың теңге. Қазіргі таңда серіктестікте 15 адам жұмыс істейді.
Осы жылдың басында Саумалкөлде ірімшік өнімдерінің алғашқы партиясы шықты. Табиғи таза тауар еліміздің бірнеше өңіріне саудалануда. Қазір теріскейлік өнім тұрғындардың жоғары сұранысына ие.
Тағы оқыңыз: Жалға берілетін су айдындарын көбейту керек – балықшылар