Айыртау ауданындағы Антоновка ауылында сегіз баласы мен анасы иіс тиіп уланды. Қазір олар ауруханада жатыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Оқиға 25-ші сәуір күні таңғы сағат сегіздер шамасында болған. Алдын ала болжам бойынша иіс пешті дұрыс пайдаланбаудан шыққан.
«Иіс тиіп уланған азаматтар Айыртау аудандық ауруханасына жатқызылды. Балалардың үлкені 2009 жылы туған. Ал ең кішісінің жасы – бесте. Олардың анасының жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Ол тепария бөлімінде ем қабылдауда. Бес баланың жағдайы ауыр. Олар жансақтау бөліміне жатқызылды», — деп жауап берді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.
Тағы оқыңыз: СҚО-да Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден беріледі