Айыртау ауданында туристік маусым биыл 21-ші маусымнан ресми түрде ашылды. Өңірде туризм қарқынды дамып жатқанымен, бірқатар маңызды инфрақұрылымдық мәселелер әлі шешімін тапқан жоқ. Соның ішінде – туристік аймақтардағы ұялы байланыс пен интернеттің жоқтығы тұрғындар мен демалушылар тарапынан жиі сынға ұшырап отыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Айыртау ауданындағы туристік аймақтардың жағдайы мен проблемалары туралы облыс әкімдігінде өткен жиында қозғалды. Қазіргі уақытта аудан аумағында 46 туристік нысан жұмыс істейді. Жылына 150 мыңға дейін туристі қабылдауға қауқарлы. 2024 жылы бірнеше демалыс орындары жаңартылып, жаңа аймақтар салынып жатыр.

Алайда өңірдегі  туризм саласында шешімін таппаған проблемалар да бар. Оның ішінде заманауи туризмнің басты талаптарының бірі – үздіксіз интернет пен сапалы мобильді байланыс. Әйгілі Шалқар, Имантау және Айыртавчик көлдері маңында ұялы байланыс мүлдем жоқ немесе әлсіз. Мәселе бірталай көтеріліп, талқыланды. Әзірге нәтиже шамалы.

«2022 жылы «Көкшетау» МҰТП арқылы алты телекоммуникациялық мұнара орнату үшін жер телімдері бөлінген. Шалқар көлі маңында үшеу, Имантауда екеу  Айыртаушық көілнде біреу. Бірақ келісімшарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған. Қазіргі уақытта  «Транстелеком» АҚ және  «Фирма Компонент» ЖШС компанияларымен шартты бұзу процестері жүріп жатыр»,- деді баяндам оқыған Айыртау ауданының әкімі Мейрам Меңдібаев.

Туристік аймақта ұялы байланыс мәселесін шешу үшін жергілікті әкімдік СҚО цифрлық технологиялар басқармасымен бірлесіп, жаңа операторлармен келіссөздер жүргізуде.

Айыртау ауданындағы туристік аймақтарда  ұялы байланыс  жоқ
Айыртау ауданындағы туристік аймақтарда  ұялы байланыс  жоқ

«Байланыс – бұл жай ғана интернет емес, бұл туристің қауіпсіздігі мен жайлылығы. Егер біз халықаралық деңгейдегі туристерді тартқымыз келсе, заманауи инфрақұрылымды толығымен қамтамасыз етуіміз керек», – деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Туристік аймақта  көлік инфрақұрылымын жақсарту бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 12,1 шақырым болатын бес автомобиль жолында орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.  Бұл мақсатқа республикалық және жергілікті бюджеттерден 989,6 млн теңге бөлінген.

«Қазіргі уақытта төрт жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама  әзірленіп, қаржыландыруға өтінімдер жіберілген. Оның ішінде 2,2 шақырымды құрайтын Никольское ауылынан «Ботай» тарихи-мәдени музей-қорығына дейінгі жол мен Айғаным қонысынан Шоқан Уәлиханов атындағы тарихи-этнографиялық музейге дейінгі жол бар. Сонымен қатар, Имантау ауылынан Имантау көлі жағасына дейінгі жолды жөндеуге де ақша сұрап, өтініш жіберілді»,-деді аудан әкімі.   

Сондай-ақ, 2022–2023 жылдары ГНПП «Көкшетау» Бас жоспары түзетіліп, нәтижесінде 31 жер телімі бөлінді. Оның ішінде 20 жер учаскесі әлеуетті инвесторларға берілген.

Айта кету керек, Имантау және Шалқар көлдерінде су-құтқару станцияларын  салуға арналған үш жер телімі де қарастырылған. Қазіргі уақытта Шалқар көліне аталмыш станицяны салу бойынша ЖСҚ дайындалып, келесі кезеңге өту жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз: СҚО жолдарында тағы бірнеше «ақылды» бейнекамералар орнатылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *