Айдарбек Сапаров жылу электр орталығына барды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров екінші жылу электр орталығына барды. Өңір жетекшісі жаңа түтін мұржасының құрылысы мен жөндеу жұмыстарын бақылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Соңғы кездері басы даудан арылмаған Петропавл жылу электр орталығында қазір жаңа түтін мұржасы салынып жатыр. Сонымен қатар, қазандықтар жөнделіп, электр және жылу желілері жаңартылуда. Бұл мақсатқа кәсіпорын 12 млрд теңге бөлді. Орталықтағы құрылыс барысымен аймақ басшысы танысты. Сол жерде келесі жылыту маусымына дайындық бойынша жедел кеңес өткізді.

«Облыс әкімінің орынбасары, қала әкімі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы жұмыстың кестеге сай жүріп жатқанын әрдайым тексеруі қажет. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда. Бірлескен іс-қимылдың арқасында жұмыстардың дер кезінде аяқталуын қамтамасыз ете аламыз», — деп жазды Айдарбек Сапаров өзінің Telegram каналында.

Тағы оқыңыз: Темір тапшылығы анемиясының алдын-алу жолдары: маман кеңесі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x