Өңір жетекшісі Айдарбек Сапаров облыс орталығындағы сауда орындарын аралап, сөрелерде отандық өнімнің аздығын сынға алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Айдарбек Сапаров «Алтын Арман», «Тайга» базарында болып, «Aimer» дүкенін аралады. Облыс әкімі сөрелердегі отандық өнімнің аздығын сынға алды.
«Неліктен біз консервілерді өндірмейміз? Біздің бұқтырылған тағамдар, консервілер қайда? Сіз инвестиция іздейсіз, қаржыландыру бар, неге жобаның бастап кететін жанды таппасқа? Біз мұнда өңделген өнімдерді, консервілерді, бұқтырылған тағамдарды өзге өңірлерден жеткіземіз», — дейді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров.
Облыс әкімі отандық өнімдердің сөрелерде басым болуы керектігін айтты.
Тағы оқыңыз: Алаяқтар СҚО тұрғынының атынан 5 млн теңгеге жуық несие рәсімдеген