СҚО әкімі Айдарбек Сапаров аудандар мен қала әкімдеріне азық-түлік бағасын бақылауда ұстауды тапсырды. Ол бұл жайында әкімдікте өткен аппарат жиналысында айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Облыс әкімдігінде өткен аппарат жиналысында өңірдің бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды. Белгілі болғандай, өңір экономикасының негізгі салаларында оң динамика сақталған. Айдарбек Сапаров 7 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсімін қамтамасыз етіп, тәуекелге талдау жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ инвестиция тарту және тұрғын үйді пайдалануға беру жөніндегі тапсырманың орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Жиында облыс әкімі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың кейбірі қымбаттап кеткенін айтты. Сол үшін аудандар мен қала әкімдеріне бағаны бақылауда ұстауды тапсырды.
«Кәсіпкерлік басқармасына делдалдарды анықтап, оларды алып тастау тапсырылды. Сондай-ақ, аудандар тұрақтандыру қорынан қажетті қорды дер кезінде толықтырып отыруы қажет», — делінген облыс әкімдігінің сайтында.
Тағы оқыңыз: Петропавлда үйдің қабырғасына Жамбыл Жабаевтың суреті салынды