А.Сапаров: Еліміздің аграрилері әлі де көрші елдердің диқандарымен бәскеге түсуге қабілетті емес

Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл жалпы ішкі өнімді екі есеге көбейтуді тапсырған. Осыған байланысты СҚО-да қазір көктемгі дала жұмыстарына дайындық қызу жүріп жатыр. Биыл облыстағы егістік алқабының жалпы көлемі 4,5 млн гектарды құрамақ. Бұл туралы бүгін ҚР ауыл шауарышылығы министрі Айдарбек Сапаров пен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен өткен семинар-кеңесте айтылды, деп хабарлайды Qazastan Media тілшісі.

Биыл елімізде ауыл шаруашылығы дақылдары 23 млн 800 мың гектар жерге егіледі. Егістік алқаптарын әртараптандыруға байланысты бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 209 мың гектарға азайған. Облыс әкімдерінің берген мәліметіне сай, елімізде майлы дақылдардың егістік көлемі 385 мың гектар жерге ұлғаймақ. Алайда, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың сөзінше еліміздің аграрилері әлі де көрші елдердің диқандарымен бәскеге түсуге қабілетті емес.

«Еліміздегі ауыл шаруашылығын дамытуға бірнеше мәселе кедергі. Атап айтар болсам, елде статистикалық мәліметтер бұрмаланады. Яғни, қағаздағы сандар мен іс жүзіндегі жұмыстар сай келмейді. Енді бұл жұмыстар қатаң тексерілетін болады. Және ел диқандары егістік алқаптарына тыңайтқыштарды талаптарға сай сеппейді. Ал көршілес елдер керісінше, тыңайтқышты өте көп мөлшерде қолдануының арқасында жақсы өнім алады. Және егістік алқаптарында 80 пайыз ескі техника қолданылады. Бізде жылда егіннің өнімділігі гектарына 9-10 центнерден аспайды. Ал көршілес елдерде бұл көрсеткіш 20-25 центрнерді құрайды. Сондықтан да бізде өнімнің өзіндік құны жоғары болады», — деді ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Айдарбек Сапаровтың сөзінше, елімізде мал өсіруде де жіберілетін қателік көп. Біздегі ірі қара малдардың салмақтары аз болады екен. Минстрдің сөзінше, кәсіпкерлер жем-шөп дайындайды, бірақ микро және макро қоспалар қоспайды. Осы қиындықтарды шешу мақсатында арнайы жол картасы әзірленіп облыс әкімдері мен жауапты мамандарға тапсырма беріліпті.

«Мемлекет басшысының жалпы өнім көрсеткішін екі есеге арттыру тапсырмасын орындау мақсатында бірқатар жоспарлар бекітілді. Биыл тыңайтқыш сіңіру бір жарым млн тоннаға дейін көбейтілмек. Былтыр тек 600 мың тонна еді. Ал СҚО егістік алқаптарына 256 мың тонна тыңайтқыш сіңіретін болады. Аграрилерді тыңайтқышпен уақытылы қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан қолдау болады. Жемқорлықтың алдын-алу мақсатында отандық тыңайтқыштарға аванстық субсидия беріледі. Яғни, жаңа мехинизмге сай диқандар зауыттардан тыңайтқыштың тек 40 пайыз ақшасын төлеп ала береді. Үстіндегі ақша мемлекеттен сол зауытқа бірден аударылады», — деді ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров

Тағы оқыңыз:СҚО-да республикалық маңызы бар тасжолдың бір бөлігін су басты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x