[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/dabfb87207e481c11c0d67f01a23bb96-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Ақжар ауданының тұрғындары орталықтандырылған сумен жабдықтаудың жоқтығына шағымданды. Олар базыналарын «AMANAT» партиясының жергілікті филиалының өкілдеріне жеткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Бүгінде Ақжар ауданының 6 ауылында орталықтандырылған су жоқ. Тұрғындардың айтуынша, олар суды жергілікті көздерден тұтынады, онда судың қоры таусылуға айналған. Сондықтан ауыл тұрғындары «AMANAT»-тың Сайлауалды бағдарламасын толықтыру үшін ұсыныстар жинау кезінде осы мәселені қозғады.
«Су көбінесе құммен араласқан. Ақсары, Баймырза, Горьковское, Восход, Май, Ұялы ауылдарына Булаев топтық су құбырынан магистральдық су құбырын салу жобасы бірнеше жылдан бері орталық деңгейде әзірленуде. Ауданның алты ауылына су құбырын салу үшін қаржыландыру қажет», — деді аудан тұрғыны Татьяна Павленко.
Филиал басшысы Оксана Киккаринова барлық тілектер Сайлауалды бағдарламаға енгізілетінін айтып сендірді. Соңғы екі аптада жергілікті партиялықтар 39 өтініш жинады. Олардың бір бөлігі құжат жобасына енгізілген.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]