[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}» custom_padding=»||194px|||»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/razbitaya-doroga_djjjaeA.jpg.740x555_q85_box-00427320_crop_detail_upscale.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Аққайың ауданы Тюменка ауылының тұрғындары біраз жыл бойы жол машақатын тартып келеді. Елді мекенге апарар айналасы 3 шақырым жердің сау тамтығы жоқ, шұрық-тесік. Тұрғындардың айтуынша, ауа райы бұзылса, тіпті биік көліктердің өздері өте алмайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Елді мекен Тоқшын ауылдық округіне қарайды. Надежда Мищекованың бұл жақта тұрып жатқанына 28 жыл болыпты. Осы уақыт аралығында жол сапасы мүлдем жақсармағанын, керісінше одан әрі ушығып жатқанын жасырмады.

«Жолдың сапасы нашар. Жауын-шашын тұрмақ, жай күндері әрі-бері жүру қиынның қиыны. Ауыл әкімінен мәселе қашан шешілетінін сұраған едік: қаржының бөлініп, бірақ ешбір әрекеттің жасалмай жатқандығын айтты. Небәрі 3 шақырым жерді жөндей алмай жатыр. Тюменкаға жету үшін Тоқшын ауылы арқылы өтуге болады. Бірақ, оның да оңып тұрғаны шамалы, қиыршық тас төсеп тастаған, ешкім көлігін бұзғысы келмейді», – дейді Надежда Мищекова.

Тұрғындар ауылдан діттеген жерлеріне жету үшін трассаға жаяу шығуға мәжбүр. Езіліп, су басқан жолмен өту оңай емес. Бұл ауылға автобус та жүрмейтін көрінеді. Студенттер үйлеріне жете алмай әлек. Ал қариялары бар тұрғындар тіптен алаңдаулы. Өйткені, жедел жәрдем көлігі мұнда мүлдем кіре алмайды.

«Тюменка ауылында жақындарымыз тұрады. Жуырда әжемізді де апардық. Сол үшін қаладан жиі келіп тұрамыз. Расына келгенде, жол әбден берекемізді алды. Жаздың құрғақ кезінің өзінде де әзер қатынаймыз. Көліктің асты төмен болса, мүлдем тұрып қалады. Бұл жолда 4 күн бұрын «Niva» маркалы автокөлік батып қалып, трактор әрең дегенде алып шықты», – дейді Петропавл қаласының тұрғыны Надежда Суховая.

Қазіргі уақытта Тюменка ауылында шамамен 100 адам тұрып жатыр. Елді мекенге апаратын жолдан бөлек, ауылішілік жолдардың да жағдайы мәз емес. Бұдан бөлек, мұнда байланыс жүйесі де дұрыс жұмыс істемейді. Интернетке қосылу үшін тұрғындар үйдің төбесіне шығады.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x