Аққайың ауданында бруцеллезге қатысты шектеу шаралары енгізілді

Аққайың ауданының Ленинское ауылында 9 ірі қара малдан бруцеллез ауруы анықталды. Қазір мұнда шектеу шаралары енгізілген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық ветеринария басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Аққайың ауданында мамыр айынан бастап 63 ірі қарадан бруцеллез анықталған. Ал соңғы жағдай Ленинское ауылында тіркелген. Мұнда 9 мал дертке шалдыққан көрінеді. Сондықтан қазір ауданда шектеу шаралары енгізілген.

«Бүгіндері Аққайың ауданындағы 41 малдың иесіне өтемақы төленді. Ол шамамен 5,3 млн. теңге. Қалған ауыл тұрғындары қазір тиісті құжаттарын жинап жатыр», — деді облыстық ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол Нұртазин.

Жыл басталғалы бруцеллез өңірдегі 170 ірі қарадан анықталған. Ауру мал Айыртау, Уәлиханов, Қызылжар, Аққайың, Ақжар аудандарында тіркелген. Көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда әлдеқайда төмендеген. Былтыр індет 722 ірі қарадан анықталған болатын.

«Бүгіндері бруцеллезге қарсы шектеу шаралары Ленинское ауылынан бөлек, тағы екі елді мекенде енгізілген. Ол осы Аққайың ауданындағы Камышлово ауылы мен Ақжар ауданындағы Талшық ауылы. Тұрғындарға малдарын сыртқа шығаруға және сүтін сатуға тыйым салынған», — деді облыстық ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы.

Жыл басталғалы бруцеллезге қарсы екпе 6 мыңға жуық малға қойылған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да заңсыз темекі және алкоголь өнімдерін сатқандар ұсталды

 

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x