СҚО полицейлері 4 бірдей баласына алимент төлемей жүрген тұрғынды анықтады. Нәзікжандының ұл-қыздары балаларға әлеуметтік көмек көрсету орталығында тәрбиеленеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Полицейлер біраз уақыт бойы төлем жасамаған борышкердің тұрғылықты мекенжайын Ақмола облысынан анықтады. Ол жақта келіншек әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін учаскелік инспектордың назарына түскен. Сөзінше, алимент төлемегені үшін іздеуде екендігінен бейхабар болған. Тиісті міндетін орындаған теріскейлік алимент төлемейтіндерді және туыстық байланыстарын жоғалтқан адамдарды іздестіру акциясы аясында жүргізілді. Ол 29-30 маусым аралығында өткізілген болатын.

“Акцияның басында барлығы 66 іздестіру істері болды, оның 59 — ы мемлекетаралық іздестіруге жарияланды. 2 күн ішінде 15 адам, оның ішінде айыппұл төлемеген немесе сот шешімін орындамаған 12 борышкер, алимент төлемейтін 2 адам, туыстық байланысын жоғалтқан 1 адам анықталды”, — деді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Pro молоко.Тренды 23» халықаралық форумы өтіп жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x