3 қазаннан бастап елдегі ақылы жолдар 20%-ға қымбаттайды

Қазақстанда ақылы жолдарда жол жүру ақысы 20 пайызға өседі. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Министрдің айтуынша, енді Қазақстанда ақылы жолдарда жол жүру құны жыл сайын қымбаттайды. Өйткені, ол АЕК-пен теңестірілген. Сондықтан АЕК өскен сайын тариф те көтерілмек.

Сондай-ақ Марат Қарабаев еліміздегі кейбір жолдарда ақылы төлем енгізілгелі яғни, 10 жылдан бері тариф өзгермегенін айтты.

«Қазақстан транзиттік хабқа айналып, Өзбекстан мен Қытайдан Ресей Федерациясына сондай-ақ басқа елдерге және кері бағытта автокөлікпен тасымалданатын жүк тасымалының көлемі артып келеді. Бұл – жолға қосымша салмақ. Мақсат біреу – жолды ақылы қылу арқылы барынша жақсы сапада ұстау. Бірақ айлық абонементті сатып алуға болады. Бұл – бір реттік төлемге қарағанда арзанырақ», — дейді көлік министрі.

Тағы оқыңыз: Біртұтас білім беру бағдарламасы әзірленді

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x