28 маусым сағат 07:00-де СҚО-да Айт намазы оқылады

28 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. 3 күн бойы мұсылмандар құрбан шалып, Алла Тағалаға құлшылық жасап, дұға-тілек тілейді. Өңірлік коммуникациялар алаңында жергілікті имамдар өңірде аталған мереке қалай тойланатынын айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мұсылман қауым үшін ұлық болған күндер мен айлар бар. Қазір соның бірі де бірегейі — Зул-Хижжа айына кіріп отырмыз. Бұл уақытта құрбандық шалынып, адамдар бес парыздың бірі болған қажылығын өтейді. Сондай-ақ, құрбан шалады. Солтүстік Қазақстан облысында ертең таңғы сағат 07:00-де айт намазы оқылады. Одан кейін төрт түлік түрін соя беруге болады.

«Құрбан шалу үшін Петропавлда арнайы орын белгіленді. Әкімшілікпен келісе отырып, Космонавт көшесі 2 мекенжайында орналасқан базарда құрбан шалатын қасапхана бар. Қасапшыларға өзіңіздің ықыластарыңызды айтып, сол жерде құрбан шалуға мүмкіндік бар. Барлығы санитарлық талаптарға сай өткізіледі», — деді облыстық «Қызылжар» орталық мешіті бас имамының уақытша міндетін атқарушы Аян Алыпқашов.

Дін өкілі құрбан шалу барысында ысырапшылдыққа жол бермеу қажеттігін ескертті.

«Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде айтқандай: «Ішіңдер, жеңдер, бірақ ысырап етпеңдер», — деген. Айта кетерлік жайт, осы күндері малдың бағасын өсірмей, сол күйі ұстап тұруға ат салысуға шақырамыз. Саудаласуға болады, яғни бағасын түсіртіп, өзіңізге ыңғайлы етуге рұқсат», — дейді Аян Алыпқашов.

Құрбандық шалу кімдерге міндет? Құлшылықтың осынау түрін жасаушы балиғат жасына жеткен, ақыл-есі дұрыс мұсылман болуы керек. Енді мал таңдау тақырыбына тоқталайық. Шарт бойынша қой немесе сиыр құрбан шалу орнына өздігінен баруы керек, яғни тұяғымен тұра алуы керек.

«Жасына келетін болсақ, шариғат талабына сай құрбандыққа шалынатын қой 1 жасқа толған болуы қажет, сиыр 2 жастан сойылады. Жалпы, бізде діни рәсім 2 форматта өткізіледі. Офлайны Космонавт көшесінде ұйымдастырылады. Qurban2023.kz сайты арқылы тапсырыс беріп, құрбан шалу мүмкіндігі де қарастырылған. Ол жердегі қойдың бағасы 80 мың теңге деп бекітілді. Ішіне қой сою, ішек-қарын ашу, басын ұйтып беру және мұқтаждарға тарату кіреді. Сайтта, мұқтаж адамдар да өз өтініштерін қалдыра алады. Алланың ұлық еткен мерекесін осылай өткіземіз деп жоспарлап отырмыз», — деді облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Тойбазар Айтуған.

Құрбан айт 3 күнге созылады. Діни рәсім соңғы күні Ақшам намазына 10-15 мин калған кезде тоқтатылады.

Тағы оқыңыз: Суы шипалы Меңгесер көлінің танымалдылығы артып келеді

 

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x